ҚМДБ қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында арнайы дұға жасады (ФОТО)

15 желтоқсан 2020 2993 0
Оқу режимі

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында арнайы дұға жасады.

Бас мүфти дұға жасау рәсімін ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлына ұсынды.

Басқосуда ҚМДБ қызметкерлері: «Уа, Алла Тағала! Сен Данасың, Мейірімдісің! Біздің халқымызды мейіріміңе бөлей гөр. Отанымызға берекеңді орнат, жақсылығыңды жаудыр! Тәуелсіздігімізді нығайту жолында еліміздің ертеңі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға күш-қуат бергейсің. Халқымызды індеттен сақта. Бізге және ұрпағымызға тәуелсіз елде өмір сүруді, екі дүние нығметі мен берекетіне бөленуді нәсіп еткейсің. Елімізді аман, жұртымызды тыныш, тәуелсіздігіміз баянды ете гөр», – деп дұға жасады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру