ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

30 қазан 2023 996 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының бастамасымен өткен халықаралық конференцияға онлайн режимде қатысты.

Газа секторындағы жағдайға байланысты өткен халықаралық конференцияда дін қайраткерлері баяндама жасады.

Айта кетсек, жуырда Палестина, Мысыр Араб Республикасы, Катар, Оман Сұлтандығы, Біріккен Араб Әмірліктері, Марокко Корольдігі, Либия, Кувейт, Алжир, Сауд Арабиясы Корольдігі, Иордания, Ирак мемлекеттерінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері мен ресми өкілдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында болып, Жоғары мәртебелі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Палестинадағы жағдайға қатысты айтқан сөзін, жалпы қазақ елінің ұстанымын жоғары бағалайтындықтарын жеткізді. Мүфтияттағы бұл басқосу мұсылман үмбетінің бір екенін, Палестинадағы жағдайға бей-жай қарамайтынын тағы бір рет дәлелдеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған ресми мәлімдемесінде Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтындығын мәлімдеді. Бүгінде Қазақстан халқы жұма намаздарында Палестина халқы үшін үздіксіз дұға жасауда.

​​Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру