ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАМИД ШӘҺРИАРИМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

14 ақпан 2023 1352 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасына іссапары барысында Дүниежүзілік Ислам мәзһабтарын жақындастыру ассамблеясының Бас хатшысы Хамид Шәһриаримен кездесті.

Бас мүфти ассамблея бас хатшысына ҚМДБ делегациясын бірлік пен ынтымақтастықты мақсат тұтқан алқалы жиынға шақырғаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ кездесуде Қазақстан мен Иран елдері арасында рухани ынтымақтастық байланыс сөз болды.

Хамид Шәһриари өз кезегінде, ҚМДБ бастамаларына ізгі лебізін арнап, екі ел арасындағы рухани байланысты одан ары нығайтуға дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар бір біріне сый-сияпат жасады. Наурызбай қажы Тағанұлы қазақтың дәстүрі бойынша Хамид Шәһриаридің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, ертең ҚМДБ Төрағасы Иранның Горган қаласында өтетін «Мәзһабтарды жақындастыру және Ислам революциясының екінші қадамындағы жаңа исламдық өркениет» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру