ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КУВЕЙТ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

19 тамыз 2024 1003 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Кувейт Мемлекетінің Елшісі Омар Ахмед Мұхаммед Мұрат әл-Кандаримен кездесті.

Кездесуде діни саладағы ынтымақтастықты арттыру мәселесі сөз болды. Бас мүфти отандық діни кадрлардың сапасын арттыруға ұдайы көңіл бөлінетіні жөнінде айтып, елордада терең діни білім беретін ислам институтының жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Елшіні мүфтияттың түрлі бағыттағы жұмыстары жайлы хабардар етті.

Басқосу барысында мәртебелі мейман Омар әл-Қандари арнайы қабылдап, сұхбаттасуға уақыт бөлген Бас мүфтиге алғысы мен жылы лебізін білдіріп, екіжақты әріптестік байланысты нығайтудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, тараптар бір-біріне естелік сыйлықтар табыстап, руханият жолында одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру