ҚМДБ төрағасы Құран хатым дұғасын жасады (ФОТО)

04 наурыз 2021 2754 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Құранды хатым етіп, елімізде өрт салдарынан дүние салған отбасыларға арнап дұға жасады.

Бас мүфти хатым батасында апаттардан бақилық болған балалардың ата-аналарына Алла Тағаладан жеңілдік сұрап, індеттен көз жұмған марқұмдар рухына дұға бағыштады.

ҚМДБ Төрағасы Жаратушы Иеден еліміз бен жеріміздің амандығын сұрап, осындай қиын кезеңде еңбек етіп жатқан ел азаматтарына жеңілдік тіледі.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру