ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІН ЖАҢА ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

10 ақпан 2024 613 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Абдулазиз қажы Закировты Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Сізді Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сізге Қазақстандағы мұсылман жамағаттың игі тілегі мен ізгі ниетін жеткіземін. Алла Тағала сауапты да жауапты қызметіңізге абырой мен береке нәсіп етсін. Қазақ-қырғыз бауырластығы қияметке дейін баянды болсын!

Сіздің жаңа қызметіңіз Қазақстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармалары арасындағы әріптестік әрі бауырластық байланысты одан әрі нығайта түседі деген сенімдемін.

Жаратушы Жаббар Иеміз жаңа жұмысыңызға жар болып, игі бастамаларыңызға сәттілік нәсіп еткей. Әмин!» делінген Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хатында.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру