ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ТАРИХЫҢДЫ ТАНЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ҰСЫНДЫ (ФОТО)

23 ақпан 2023 1458 0
Оқу режимі

Бүгін Ұлытау облысында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жас буын өкілдері арасында «Тарихыңды таны» танымдық жобасын жүзеге асыруды ұсынды.

«Расында, өскелең ұрпақтың тарихи санасына сілкініс жасауда Ұлытаудың орны ерекше. Көпшілік қауым бұл жерге Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл кесенелерін, Хан ордасы мен Әулиетаудай киелі орындарды көру үшін арнайы келеді. Түркия елінде оқушылардың жазғы демалысында жүзеге асатын керемет жоба бар. Мектеп мұғалімдері жаз бойы мектеп оқушыларының Түркияның тарихи орындарына арнайы саяхатын ұйымдастырады.

Тарихшылар өз елінің әрғы-бергі тарихын жастарға тәптіштеп түсіндіріп, жетесіне жеткізеді. Біз осы тәжірибені алып, өз елімізде жастар арасында «Тарихыңды таны» жобасы аясында тарихи танымдық сапар ұйымдастыруды ұсынар едім. Көп естігеннен бір көрген артық демей ме?! Бұл жоба жас буын өкілдерінің білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың бойына ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерді ұялатуға ықпал етер еді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру