ҚМДБ төрағасы Татарстан мүфтиімен кездесті (ФОТО)

20 мамыр 2022 462 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазан қаласына барған ресми сапары барысында Татарстан мүфтиі Камил Самигуллинмен кездесті.

Кездесуде қазақ, татар халықтарының тарихи, рухани байланысы сөз болды. Сонымен қатар ақпарат жылдам тарап жатқан қазіргі заманда осы сала бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңызы талқыланды. Наурызбай қажы Тағанұлы бұл ретте діни контент алмасу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ кездесуге қатысқан Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының төрағасы Болат Серғазыұлы орталықтың жұмысы жайлы баяндап өтті. Басқосу соңында тараптар ортақ жобалар бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру