ҚМДБ төрағасы Түркия делегациясын қабылдады (ФОТО)

07 қазан 2021 3469 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының қажылық және умра қызметтері комитетінің төрағасы Ремзи Біржанмен кездесті. Кездесуге Түркияның еліміздегі елшісінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодур қатысты. 

Басқосуда бауырлас елдердің байланысын арттыру, қажылық саласы бойынша тәжірибе алмасу, имамдардың білімі мен біліктілігін көтеру сынды мәселелер қозғалды.

«Түркия Дін істері басқармасы біздің бастамаларымызға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Пандемия кезінде мұсылман әлемінің дін қайраткерлерін жұма намазы сәтінде бір мезетте дұға жасауға үндедім. Осы сәтте Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербаш мырза бұл бастамамызға бірден қолдау білдірді. Бұдан басқа оқу-ағарту, пәтуа шығару саласы бойынша ұсыныстарымыз да сіздердің тараптарыңыздан қолдау тауып келеді. Осы сәтті пайдаланып, Түркиядағы әріптес-бауырларыма тағы да алғыс айтамын» деді Бас мүфти.

Айта кетсек, бүгінде екіжақты келісім аясында Түркияның «Хасеки» академиясында қазақстандық 64 имам білімін жетілдіруде. 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру