ҚМДБ «УАҚЫП» ҚОРЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

26 қыркүйек 2024 183 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Бөлім сағаты» жобасы бойынша өткен кезекті Аппарат жиналысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Уақып» қорының жаңа директорын таныстырды.

ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Азамат Әбдікерімұлы «Уақып» қорының директоры қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін Шымкент қаласының «Есжанұлы Сейтжан қари» мешітінде іс басқарушы қызметін атқарған. Ал «Уақып» қорының бұрынғы басшысы Ардақ Нүсіпханұлы Бас мүфти бұйрығымен Астана қаласындағы «Халид ибн Уалид» мешітінің имамы қызметіне тағайындалды.

«Алла Тағала дін жолындағы қызметтеріңізге разы болғай. Жұмыстарыңызға береке мен сәттілік тілеймін» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру