Қоқыстан әлемдегі ең үлкен мозайка жасалды

11 қаңтар 2020 5795 0
Оқу режимі

Абу-Даби әмірлігіндегі Масдар деп аталатын эко-қала тұрғындары қоқыстарды қайта өңдеу барысында әлемдегі ең үлкен мозайка құрастырып шығарды. Көлемі 1015 шаршы метр болатын әшекей нысанды, тіпті, Гиннестің рекордтар кітабына тіркеген екен.

Қоқыс өңдеуші қызметкерлер осы әрекеттері арқылы әлем жұртшылығының назарын қоқыс мәселесіне аударуға тырыстық дейді. Сондай-ақ, қоқыстарды өңдеп, қайта пайдалануға болатынына көрсетуге тырысқандарын айтады.

Қоқыс өңдеушілер алып мозайканы құрастыруға шамамен бір ай уақыт жұмсағандарын айтады. Көбіне, пластикалық бөткелкелер, калбыр банкілер секілді топырақта баяу шіритін 90 мыңға жуық заттар қолданылған көрінеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру