«ҚҰРАН ӘЛІППЕСІ» ВИДЕО САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ

13 қараша 2020 5468 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа жобаның тұсауы кесілді. Карантин режиміне сәйкес қазіргі таңда онлайн көрсетілімдер мен видео сабақтардың маңызы айрықша болып тұрғаны белгілі. Осыған орай, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайтында «Құран әліппесі» видео сабақтары басталып отыр.

Жүйелі түрде жүргізілетін видео сабақтар әр апта сайын шығып отыратын болмақ. Елімізге белгілі қари, «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерлан Базарбайұлы жеңілдетілген әдіс-тәсілдер бойынша қысқа мерзім ішінде араб әліпбиін үйретіп, қасиетті Құран кәрімді тұпнұсқадан оқитын деңгейге жеткізеді.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір өсиетінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деген екен. Құрметті оқырман! Әрбір әрпі сауапқа тұнған қасиетті Құран кәрімді үйренуге таптырмас мүмкіндіктен құр қалмаңыздар!

Видео сабақтарды тез меңгеріп, қосымша білім жетілдіру мақсатында «Құран әліпппесі» кітабының PDF нұсқасын мына сілтеме арқылы көшіріп алуға болады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру