ҚЫЗДАР МЕДРЕСЕСІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

02 сәуір 2023 2986 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Көктал» мешітінің ұйымдастыруымен  Елордадағы қыздар медресесінде  65 шәкірт пен ұстаздарға ауызашар дастарханы жайылды. 

«Көктал» мешітінің бас имамы Сабит Ережеповтың жетекшілігімен өткен ауызашарға мешіт ұстазы Мухлиса Сайдулақызы қатысып, шәкірттерге ілім алудің маңыздылығы туралы түсіндіріп, жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, Сабит Ережеповтың жетекшілігімен «Көктал» мешітінің атынан қыздар медресесіне бұған дейін де бірнеше рет ауызашар берілген болатын.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру