Қызметтік әдепті сақтау қатаң қадағаланады (ФОТО)

22 сәуір 2021 3178 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен оразаның бірінші аптасын қорытындылауға арналған жиында ҚМДБ бөлім басшылары Рамазанның алғашқы аптасында атқарылған іс-шаралардың есебін таныстырды.

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков бөлімге қатысты және Әдеп кеңесінің жұмысымен таныстырды.

«Діни басқарма жоғары білімді және арнаулы діни білімді маман даярлап келеді. Осы орайда биыл Нұр-Мүбарак университетінің исламтану мамандығы бойынша 230 түлек (оның ішінде 171 ер бала, 59 қыз бала), 9 медресе-колледжін 437 түлек (оның ішінде 308 ер бала, 129 қыз) бітіреді.

Нұр-Мүбарак университетін және медресе колледждерді бітіруші түлектермен онлайн кездесу өткіздік. Ендігі кезекте әр өкілдік Нұр-Мүбарак пен медресе-колледж басшылығымен хабарласып, түлектермен онлайн әрі офлайн кездесулер өткізіп, қызметке тарту шарасын қолға алуы тиіс» деді Смайыл Сейтбеков.

Сондай-ақ бөлім басшысы Бас мүфти бастамасымен биыл қаңтар айында Әдеп кеңесі құрылғанын айта келіп: «Әдеп кеңесінің мақсаты – имамдарды жазалау емес, Діни басқарманың, мешіт имамдарының беделін көтеру. Рамазан айы болғандықтан, уағыз айту мен тікелей эфирге шығу көбейді. Сол үшін облыстың Бас имамдарынан мешіт қызметкерлерінің қызметтік әдеп ережелерін сақтауын қадағалауды сұраймын» деді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру