Қызылордада «Halyq arna» филиалы ашылды (ФОТО)

10 сәуір 2021 2779 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сыр өңіріне жасаған сапарында Діни басқарманың «HALYQ ARNA» телеарнасының жаңа филиалы «TANYMMEDIA» студиясының ашылу рәсіміне қатысты.

Бас мүфти мен қоғам қайраткері, белгілі журналист Ержан Уайіс жаңа студиямен танысып, ізгі тілектерін білдірді.

«Аллаға шүкір былтыр «HALYQ ARNA» атты төл теларнамыз ашылды. Бұл мүфтияттың 30 жылдығына үлкен тарту болды. Арнаның дамуына үлес қосайық деген ниетпен өңірлердегі имамдарымыз шама-шарқынша студия ашып жатыр. Атырауда, күні кеше Семейде студия ашылды. Енді мұны барынша пайдалану керек. Медианы игеретін уақыт келді. Қазіргі уақыт – ақпараттың заманы. Міне, мықты имамдар отыр. РАНТ мүшесі Дастан Құрманбаевтың уағыздары жиі шығып жүр. Бас имамдардың кейде уағызға уақыты болмауы мүмкін, бірақ мейлінше шығу керек. Жергілікті халыққа психологиялық кеңес, діни ақпарат, уағыз-насихат беретін өздеріңіз. Жаңа студияның таным көкжиегі кең болсын! Танымдық материалдар мол болсын!» деді Бас мүфти.

«TANYMMEDIA» студиясының ашылуына ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, Қызылорда облыстық дін істері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы мен Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлының қатысқанын айта кеткен жөн.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру