«РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН БЕРЕКЕ МЕН САУАП АЙЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

04 наурыз 2026 150 0
Оқу режимі

«Раиса ана» мешітінде әйел жамағатына қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат өткізілді.

Кездесу барысында Рамазан айының артықшылықтары, оразаның тәрбиелік мәні және сауапты амалдардың маңызы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасынан жарық көрген «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы негізінде шәкірттер арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында жамағаттың діни сауаттылығы бағаланып, дұрыс жауап берген қатысушылар арнайы марапатталды.

Іс-шара соңында шәкірттерге естелік сыйлықтар табысталып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру