«РАХЫМҚЫЗЫ РАИСА АНА» МЕШІТІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ (ФОТО)

16 наурыз 2024 1137 0
Оқу режимі

Алланың мейірімі мен шапағаты молынан түсуші Рамазан айында қайырымдылық шаралары жандана түсті. ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттер мұқтаж жандарға қол ұшын беріп келеді.

Кезекті қайырымдылық қаламыздағы «Рахымқызы Раиса Ана» мешітінде жалғасын тапты. «Раиса Ана» қыз-келіншектер мектебінің белсенділері «Рамазан - рахым айы» шарасын ұйымдастырып, науқас жандар мен қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға тұрмысқа ең қажетті деген азық-түліктерді табыстады.

Айта кетсек, Рамазан айында қайырымдылық бағытына қатысты өкілдік бойынша бірашама игі шаралар жүзеге асыру жоспарланып жатқанын хабарлаған едік. Алланың қалауымен ілгері ниет орындалып, әлеумметік көмекке зәру жандар қасиетті айдың шарапатын сезінуде.

полиэтилен пакет, қақпағы бар кір себет, дуриан, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

6 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру