«РАХЫМҚЫЗЫ РАЙСА АНА» МЕШІТІНДЕ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

29 ақпан 2024 1547 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Рахымқызы Райса ана» мешітінде биылғы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында мемлекет қайраткері және жазушы Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына орай жамағатқа арналған семинар өтті.

Мешіт имамдары жиналған жұртшылыққа ел үшін еміреніп қызмет еткен, ұлт үшін тар жол, тайғақ кешкен бабаларымыздың еңбегін айта келе, Тұрар атамыздың өмір жолына тоқталды.

Айта кетсек, Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезінде дүниеге келген. Балалық шағы қиындықпен өткен жас Тұрар басына түскен ауыр сынақтарға қарамай білім жолына нық қадам басады. Басқыншыл биліктің тізе батыру саясатына қарамай, жанталасып отырып бүкіл өмірін ұлт үшін қызмет етуге арнады. Ел үшін отбасын, жанын құрбан еткен бабамыз 1937 жылы «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынып, Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды.

Бабаларымыздың болашақ ұрпақ үшін жүріп өткен сара жолы біз үшін өшпес өнегелерге толы. Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе», «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған.

Тұлғалар тарихына ойша шомып, мол тағылым алған жамағатпен жиын соңында бабамыздың атына Құран хатымы бағышталып, дұға жасалды.

8 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және "Typap рыскулов" мәтіні кескіні болуы мүмкін

11 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

8 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру