Рамазан айына арналған медиа-жоспар талқыланды (ФОТО)

04 наурыз 2022 3320 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғардың жетекшілігімен Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі қызметкерлерінің жиналысы өтті.

Жиында Ершат Ағыбайұлы кеше өткен Төралқа мәжілісіндегі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ақпарат саласына басымдық беріп отырғанын тілге тиек етіп, Рамазан айына арналған медиа-жоспарды талқылады.

«Соңғы екі жылда әлемдік пандемияға байланысты Рамазан айына арналған бағдарламалар тек онлайн түрде ұйымдастырылды. Ал биыл, амандық болса, дәстүрлі форматқа көшіп, Рамазан айында халықтың рухани сұранысын өтеу үшін тынбай жұмыс істеуіміз керек. Халыққа жаңа рухани жобаларды ұсынуымыз тиіс. Әлеуметтік желілерде таратылатын сұрақ-жауап картинкаларынан бастап, ресми сайтта жарияланатын ораза кестесі, сондай-ақ «Munara TV» арнасынан көрсетілетін бағдарламалардың сапалы шығуы өте маңызды», – деп атап өтті наиб мүфти.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру