РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
11 ақпан 2026
39
0
Оқу режимі
Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төрағалығымен Рамазан айына орай Төралқа мәжілісі өтті.
Жиында қасиетті ай қарсаңындағы негізгі ұйымдастыру-үйлестіру мәселелері қаралды. Рамазанның басталу уақыты, пітір садақасы мен пидия мөлшері бойынша, өңірлердегі дайындық, уағыз-насихат, Құран хатымын ұйымдастыру, ақпараттық сүйемелдеу, қайырымдылық шаралары жөнінде жауапты бөлім меңгерушілері баяндама жасады.
Мәжіліс қорытындысында Бас мүфти Рамазан айындағы жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша ҚМДБ қызметкерлері мен облыс Бас имамдарына нақты тапсырмалар берді.













Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру