РАМАЗАН БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЖАСАҒАН ШӘКІРТТЕРГЕ АЛҒЫС ХАТ БЕРІЛДІ (ФОТО)

03 мамыр 2023 1782 0
Оқу режимі

Берекелі дастархан басында қасиетті ай бойы «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, жамағатқа қызмет жасаған мешіт шәкірттері марапатталды.

Мешіт ұстаздары мен қызмет қылған шәкірттер бірге табиғат аясына шығып, демалыс ұйымдастырылды. Қала сыртында ұйымдастырылған қоғамдық шарада жамағатпен намаз оқылып, ұстаздар уағыз-насихат айтты. Мешіт ұстаздары дінге қызмет етудің артықшылығы мен Алла алдындағы дәрежесі жоғары екенін баса айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Бауырдың қажетінен шығып мол сауаптарға кенеле беруді тіледі. Сондай-ақ, спорттық ойындар ойнатылып, көңіл көтерілді.

Айлардың сұлтаны Рамазанда жамағат игілігі үшін мешіт қызметінде жүрген шәкірттерге айттық сыйлығы таратылып, алғыс хатпен марапатталды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру