РАМАЗАНДА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

17 наурыз 2023 3170 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты «Инабат» аналар мектебінің ұйымдастыруымен ұлық айдың қадір-қасиетін түсіндіріп, жамағатты ақпараттық сауаттандыру мақсатында «Рамазанда дұрыс тамақтану» атты семинар болып өтті.

Интегративті отбасылық дәрігер, нутрициолог Әбдіманап Малика Шералықызы мен интегративті терапевт, нутрициолог Кусайнова Саян Серікқызының спикерлігімен өткен семинардың жамағат үшін жөні бөлек болды. Қасиетті айдың маңыздылығы жөнінде, оразаның қағидалары мен талаптары турасындағы мешітіміздің Әсел ұстаз, Зарина ұстаз, Эльмира ұстаздың  уағызы қатысушыларға Рамазанның рухани пайдасынан хабардар етіп, мол мағлұмат берді. Шақырылған қонақтардың дәрісі қатысушылар үшін тың жайттардың бетін ашып, ауызашар мен сәресі кезінде орын алып жататын кейбір қателіктерден аулақ болуға үйретті.

Семинар соңында жамағат сұрақтарына кезек беріліп, ораза кезінде ем-дом алу мәселелері, сапардағы мұсылманның әрекеттері, оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар туралы кеңінен насихат айтылды. Сондай-ақ, арнайы «Рамазанға пайдалы 7 күндік мәзір» дайындалып, қатысушыларға ұсынылды.

Суреттер топтамасын ФОТОГАЛЕРЕЯ айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру