«РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ» МАРАФОНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешіті «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында «Рамазанға дайындық» атты 3 күндік рухани марафон өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – шәкірттердің қасиетті Рамазан айына біліммен, ықыласпен әрі рухани дайындықпен келуіне ықпал ету. Марафон барысында қатысушылар оразаға қатысты білімдерін тереңдетіп, арнайы әзірленген тапсырмаларды орындап, өзара білім сайысына түсті.
Рухани марафонға жалпы 65 шәкірт қатысып, белсенділік танытты. Әр қатысушы жоғары жауапкершілікпен атсалысып, білім мен ізденіске деген ынтасын көрсетті.
Марафон қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, арнайы марапатталды.
Бас жүлде – Қияшева Қымбат;
I орын – Кулдаулетова Милена;
II орын – Есетова Гулжамал;
III орын – Аскарқызы Мәңер.
Сондай-ақ Алиева Ляззат пен Хамдамова Гульмира белсенді қатысқаны үшін арнайы атап өтілді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)