РАНТ МҮШЕСІ АСТАНА МЕШІТТЕРІНДЕ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

17 қараша 2022 2505 0
Оқу режимі

Астана қаласына ресми іссапармен келген ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы өткен аптада бірқатар кездесулер өткізіп, Елорда жамағатына уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. «Хибаттула Тарази» Орталық мешітінің наиб имамы, әйгілі әл-Азһар университетінің түлегі Нұрәлі Бақытұлы бірнеше мешіт жамағатымен жүздесіп, «Астана» медресе-колледжінің студенттеріне дәріс оқыды.

Атап айтқанда, белгілі дінтанушы ғалым «Әл-Ғани» мешітінде «Жамағат ынтымағы мен ауызбіршілігі» тақырыбында, «Ғылмани» мешітінде «Ханафи мәзһабы» туралы, «Ақмешіт» мешітінде «Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы» жөнінде, «Раиса ана» мешітінде білім алуға құштарлық хақында тұшымды уағыздар айтып, жамағат білімін арттыра түсті. Сондай-ақ, жұма күні «Ырыскелді қажы» мешітінде жұма уағызын айтып, жамағат ықыласына бөленді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру