РАНТ МҮШЕСІ АСТАНА ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ (ФОТО)

30 қыркүйек 2024 232 0
Оқу режимі

Астана қаласына арнайы іс-сапармен келген Алматы қаласындағы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы, «Көктөбе» қарилар дайындау орталығының директоры, РАНТ мүшесі Серікхан Ахмадиев өкілдікке қарасты қала мешіттерінің жамағатымен жүздесіп, әртүрлі мекемелерде үгіт-насихат жасады.

Атап айтсақ, Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен діни ағарту жұмыстары барысында РАНТ мүшесінде «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Салауат айтудың маңыздылығы» тақырыбында, «Райса Ана» мешітінде «Тәубенің маңыздылығы», «Ырыскелді қажы» мешітінде «Ынтымақ және ауызбіршілік», «Әлжан Ана» мешітінде «Мәуліт айының маңыздылығы» тақырыптарында уағыз-насихат жасады.

Сондай-ақ, Астана қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен кездесу жиынына және мешіт жамағатымен өткен әртүрлі рухани кездесулерге қатысты. Жалпы өткен кездесулер барысында 2 300 адам қамтылды.

Пікірлер Кіру