РАНТ мүшесі «Ғылмани» мешітінің жамағатымен жүздесті (ФОТО)

03 тамыз 2022 3028 0
Оқу режимі

РАНТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» Ислам қаржысы жөніндегі сарапшысы, исламтанушы-ғалым Мақсатбек Қайырғалиев жамағатпен жүздесті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы Өкілдігінің ұйымдастыруымен РАНТ мүшелері жамағатпен кездесуі уағыз-насихат бағыты бойынша дәстүрлі шаралардың бірі.

Шара аясында Мақсатбек Қайырғалиев «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Имани бауырластықтың сырлары» тақырыбында талдап-талқылап тағылымды уағыз-насихат айтты.

Ең бастысы уағызға ұйыған жамағат мол рухани олжалы боп қайтты.

Дереккөз: Sunna.kz

Пікірлер Кіру