«Райса ана» мешітінде мұқтаж отбасылар мен қарттарға қайырымдылық жасалды
20 наурыз 2026
30
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Райса ана» мешітінде Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, жетім балалар мен қарттарға азық-түлік себеттері таратылып, оларға мерекелік көңіл сыйлады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы аясында жүзеге асқан шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қол ұшын беру, қоғамда бауырмалдық пен ізгілік сезімін арттыру.







Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру