Ресей мұсылмандары діни басқармасы Ораза айтпен құттықтады

25 мамыр 2020 1113 0
Оқу режимі

Ресей Федерациясының Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының орынбасары, Мәскеу ислам институтының Ректоры, Ресей Федерациясы Қоғамдық палатасының мүшесі Дамир Мухетдинов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады.

«Мәскеу ислам институтының профессорлық-оқытушылық құрамның және өз атымнан Сізді Ораза Айт мейрамымен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айында жасалған жақсы істеріңізге Алланың разылығы болсын, екі дүниеде де шексіз мейіріміне бөлесін. Бұл – ең алдымен жақындарына қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға көмек көрсетілетін ай. Жүректерімізді мейірім, ізеттілік, адамгершілік, кешірімділік және алғысқа бөлейтін ай.

Ораза Айт мерекесі – әрқайсымыз үшін өзіміздің ең үздік қасиеттерімізді шыңдауға арналған және бауырластықты нығайтуға арналған кезең. Сізге және жақындарыңызға бейбітшілік пен жақсылық тілеймін» - делінген құттықтау хатында.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру