РУХАНИ КЕШТЕ «МӘУЛІТ СЫЙЫ» МЕН ҰМРА ЖОЛДАМАСЫ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

27 қыркүйек 2024 124 0
Оқу режимі

Кеше елордасы Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен «Дінім – діңгегім, дәстүрім – қазынам» рухани мәуліт кешінде дарынды оқушылар мен студенттерге «Мәуліт сыйы» және бір көрерменге ұмра қажылығына жолдама табысталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен осы кештің билетінен түскен қаражат мәуліт сыйы ретінде елордалық талантты, дарынды және білімді оқушылар мен студенттерге берілді. Сонымен бірге көрермендер арасында ұтыс ойнатылып, Астана қаласының тұрғыны ұмра қажылығына жолдаманы жеңіп алды. Сый иелерін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтап, сертификатын табыс етті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру