«С. ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІ «ИМАНИ ЖАЗ-2024» ШӘКІРТТЕРІН ШЫҒАРЫП САЛДЫ (ФОТО)

01 шілде 2024 190 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсының жабылу салтанаты өтті. Мешіт имамдары бүлдіршіндерге ақ дастархан жайып, батасын берді.

Айта кетсек, «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында бүлдіршіндер арабша хат танып, Құран оқуды меңгеріп қана қоймай, әдеп, ғибадат, дәстүр сабақтарын да өтті. Сондай-ақ, ата-ананы құрметтеу, білім игеру, отанды сүю, жамандықтан қашық болып, жақсылық жасауға талпыну секілді түрлі игі қасиеттерді бойларына сіңіре түсу мақсатында тәлім-тәрбие жұмыстары да қарқынды жүргізілді.

9 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

12 адам кескіні болуы мүмкін

8 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

10 адам, үстел және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру