«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Айттағы қуаныш» іс-шарасы өтті

20 наурыз 2026 43 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Айт мейрамына орай «Айттағы қуаныш» мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында 45 бала мен 15 анаға мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, көңіліне шаттық ұялады. Қатысушылар үшін түрлі ойындар мен қызықты викториналар ұйымдастырылып, мерекенің рухани мәні мен ұлттық дәстүрлер дәріптелді.

Игі іс-шара отбасы мен қоғамдағы татулықты нығайтуға, жас ұрпаққа ізгілік пен бауырмалдықты насихаттауға бағытталған.

Мерекелік іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру