«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛЫП, СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

24 қыркүйек 2024 288 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Садуақас қажы ғылмани» мешітінде Мәуліт оқылды.

Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туылған Рабиғул әууәл айының құрметіне орай өтіп жатқан Мәулітте құлшылық үйінің бас имамы Руслан Байзақов жиналған жамағатқа Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік, Алла Елшісін (с.ғ.с) шынайы жақсы көрудің маңыздылығын түсіндірді.  Артынша Мәуліт оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) сәлем-салауаттар жолданды.

Айтулы мерекеге айрықша дайындалған мешіт қызметкерлері Мәуліттен соң жамағатқа арнап ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізді. Қала жұртшылығы аталмыш сайысқа белсенді түрде қатысып, бар өнерлерін ортаға салды. Топ жарып шыққан жарыс жеңімпаздары мен мен қатысушыларға сый-сияпаттар беріліп, жамағат ыстық ас үлестірілді.

Пікірлер Кіру