«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ИМАМДАРЫ КІТАП ДҮКЕНДЕРІН ТЕКСЕРІСТЕН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

29 қыркүйек 2024 357 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің имамдары құлшылық үйінің маңайындағы дүңгіршектерде сатылып жатқан діни кітаптарды тексерістен өткізді.

Діни әдебиеттерді көз елегінен өткізу барысында теріс ағымдарға қатысты ешқандай оқулықтар табылған жоқ. Сәйкесінше сөредегі еңбектердің барлығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сарапатамасынан өтіп, оң бағасы берілген.

Айта кетсек, ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде жамағаттың оқуына арналған діни кітаптар жат ағымның алдын алу мақсатында үнемі қадағаланып, имамдардың сүзгісінен өтіп келеді.

Пікірлер Кіру