«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ»: ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АУЫЗАШАРЫ БЕРІЛДІ (ФОТО)
11 наурыз 2025
172
0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақовтың ұйымдастыруымен «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық ауызашары өтті.
Іс-шара қасиетті Рамазан айының берекесін арттырып, қарттарға рухани және материалдық қолдау көрсетуді мақсат етті. Ауызашар барысында мешіттің ұстазы Ерасыл Жайыров қарияларға жүрекжарды насихат айтып, сабыр мен шүкіршілік жайында көркем уағыз өрбітті. Сонымен қатар, жиналған қауымға Рамазан айының қадірі мен ауызашардың сауабы туралы айтылды.
Кеш соңында қариялар батасын беріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Қайырымдылық кеші жылулық пен мейірімге толы сәттермен есте қалды.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру