«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ»: ЖАТ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

19 қазан 2024 696 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен «Жат ағым – жарға жығады» тақырыбында семинар болып өтті.

Жиынға ҚМДБ Діни оңалту бөлім басшысының міндетін атқарушы Данияр Кенжалин, Астана қаласы өкілдігінің жат ағым бағыты бойынша жауапты маманы Рақымқазы Қабдысалым, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов, Астана қаласы әкімдігі діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Нұрсұлтан Берікұлы және мешіттің дін қызметкерлері мен жамағаты қатысты.

Шара барысында спикерлер соқыр сенімнің жетегінде кетіп қалмауға шақыра отырып, жамағатты қырағы болуға, діни мәселе тұрғысынан сұрақтар туындаған жағдайда тек қана арнайы діни мамандарға жүгінуге және ҚМДБ тарапынан мақұлданған мәлімет көздеріне сүйенуге шақырды. Сондай-ақ, жат ағым түсінігіне тән сипаттар мен белгілерді атай отырып, адасушылыққа түсіп қалмаудың әрекеттерін түсіндіріп өтті. Шара соңында қатысушы жамағатқа тақырыпқа сәйкес қажетті мәліметтер берілген арнайы брошюралар таратылды.

Пікірлер Кіру