Семей Орталық мешітінің сайты Alashdin.kz болып өзгерді

29 қыркүйек 2020 204 0
Оқу режимі

Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен Қос мұнаралы орталық мешіт сайтының атауы Alashdin.kz болып өзгерді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Дін – насихат» деп айтқанындай, ҚМДБ-ның басты міндетінің бірі – уағыз-насихат жұмысын жандандыру. Осы бағытта Семей өңіріне қарасты мешіттерде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

«Біздің басты мұратымыз – заман талабына сай уағыз-насихат жұмысын  ұйымдастыру. Бүгінде басым көпшілік ақпаратты интернет арқылы алады. Мешіт сайтын өзгертудегі мақсатымыз – Алаш қайраткерлерінің ізі қалған кешегі Алаш қаласында төл дінімізбен қатар, ұлттық құндылықтарымызды, Алаш арыстарының ел тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін насихаттау», – деді Асқар Мұқанов.

Сонымен қатар, Аlashdin.kz сайты алдағы уақытта белгілі абайтанушы, алаштанушы ғалымдармен байланыс орнатып, оқырман назарына тың материалдар ұсынуды жоспарлап отыр.

Дереккөз: Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру