Семей тұрғыны үйін «Уақып» қорына тапсырды (ФОТО)

26 сәуір 2022 3535 0
Оқу режимі

Семей қаласының тұрғыны әрі мешіт жамағаты Рахметолла Құйманұлы жомарттық танытып, үйін және жер телімін «Уақып» қорына тапсырды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жомарт – Аллаға, жәннатқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Алладан, жәннаттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын» деген болатын. Семей қаласының тұрғыны осы хадиске амал еткенін көрсетті.

Айта кетейік, Семей қаласына арнайы іс-сапармен барған ҚМДБ «Уақып» қорының төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы «Абай Құнанбайұлы» орталық мешітінің жамағатымен кездесіп, жомарттықтың қадір-қасиеті жайлы «Жомарттық – Аллаға, жәннатқа жақындататын ізгі амал» тақырыбында насихат жұмысын жүргізді. «Уақып» қорының басшысы Рахметолла Құйманұлының аманатын қабылдап алды.

 

Дереккөз: Семей өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру