Семейде 159-баспананың кілті табысталды (ФОТО)

09 желтоқсан 2019 4602 0
Оқу режимі

Семейде өткен Мәуліт шарасы кезінде «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 159-баспананың кілті салтанатты жағдайда табысталды.

Баспана кілті Семей қаласының тұрғыны, көпбалалы отбасының отағасы Талғат Асаубаевқа табысталды. Бас имам Асқар Әбітайұлы жомарттық жасап, жобаға үлес қосқан жұмыла көтерген халыққа, сондай-ақ осы қайырымдылық жобасына атсалысып жүрген барша жұртқа алғыс білдірді.

Дереккөз: Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру