Серікбай қажы Ораз Оралда жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)

28 қыркүйек 2018 8652 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында Орал қаласының іргесіндегі Серебрякова кентінде салынған 200 адамдық Айту ата мешітінің ашылуына қатысты. Алла үйінің ашылу салтанатында Бас мүфти жаңа мешітке өзінің арнайы сыйлығын табыс етті.

Ашылу салтанатында сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Бұл өмірге келген әрбір пенде өзінің артынан өшпес мұра немесе өшпес із қалдырып кетсем деп армандайды. Оған жетер жол Ислам шариғатында жатыр. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Өйткені, мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені", - деді.

Мерекелі шарада елімізге белгілі жыршы-термеші Жәкен Омаров тағылымды толғаулардан шашу шашты. 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру