ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА МАМАНДАРЫ 98 300 СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРДІ (ФОТО)

10 қыркүйек 2022 2605 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміз бойынша шариғат және пәтуа бөлімі 8 ай ішінде 98 300 діни сұраққа жауап берді. Бұл туралы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов айтты.

Елордада өткен кеңейтілген Орталық аппарат жиналысында Сансызбай Құрбанұлы «Дін мен дәстүр» бағытында қаңтар-тамыз айларының есебін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына баяндады.

«Пәтуа мамандары жеке кездесу, әлеуметтік желілер және телефон арқылы ақида, ғибадат, отбасылық құқық, мүліктік қатынас және әртүрлі діни мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді. Ал діни ақпарат беру орталығының мамандары сегіз айда 8010 сауалға жауап берді.

Сондай-ақ биыл еліміз бойынша «Дін мен дәстүр» бағытында 466 мақала жазылып, 417 аудио-видео өнім әзірленсе, ұлттық ойындар дәріптелген 822 іс-шара ұйымдастырылды. Одан бөлек ерлі-зайыптылар және үйленуге ниеттенген жұптармен 6900 кездесу өтіп, ақыл-кеңес берілді», – деді наиб мүфти.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру