Шетелдік шенеунік Меккеге жаяу келді

05 наурыз 2019 7549 0
Оқу режимі

Әлемнің әр түкпіріндегі мұсылмандар Меккеге қажылық жасауға әртүрлі көлік құралдарымен, оның ішінде жиі әуе жолдары арқылы келеді.

Алайда Біріккен араб әмірлігінің шенеунігі әрі ғалым бұл қатынас құралдарының ешбіріне жүгінбеді. Өткен демалыс күндері БАӘ мемлекеттік стратегиялық зерттеулер орталығының директоры, доктор Халид әл-Сувейди Мекке қаласына жаяу жетті, деп жазады IslamNews.

Шенеунік Абу-Даби қаласынан Меккеге жаяу 1850 шақырым жолды 29 күнде еңсерді. Ол сапар барысында шаңды дауылдарға да тап болды, аяғын да жаралап алған екен. Осыған қарамастан оның Меккеде кіші жалығын өтеуіне ешбір көліксіз жетуіне мүмкіндік туды.

Өзінің айтуынша, бұл сапарға бір жыл дайындалған екен. «Мені таңқалдырғаны – Меккеге жеткенде мұнда көше бойында мені күткен халықтың көптігі. Олар менімен суретке түскісі келді. Тіпті адам айтса нанғысыз» дейді араб шенеунігі.

 

Дереккөз: kazislam.kz

Пікірлер Кіру