Шымкент қаласынан бір топ делегация келді (ФОТО)

09 маусым 2020 4036 0
Оқу режимі

Елордадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына Шымкент қаласынан бір топ делегация келді.

Делегация құрамында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Шымкент орталық мешітінің наиб имамы Мұхамеджан Естеміров, «Абдул Хамит Қаттани» мешітінің наиб имамы Қазыбек Сарыбаев, Шымкент қалалық қажылық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық мешіт кеңсегері Нұржан Қасымбеков және iman.kz сайтының жетекшісі Абзал Жауһаров болды.

Делегация ҚМДБ бас кеңсесіндегі сала бойынша бөлімдердің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. Атап айтқанда, Діни білім және кадр даярлау; Уағыз-насихат; Қажылық; Ақпарат және қоғаммен байланыс; Баспа және аударма; Кадр бөлімдері мен ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» мекемесі басшылары мен өкілдерімен кездесіп, бөлім қызметімен жақынырақ танысты.

Кездесу барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов өңірдегі діни ахуал жайлы баяндап, бірқатар бастамаларын бөлісті.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру