«СИРИЯҒА ШҰҒЫЛ КӨМЕК»: 41 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

10 наурыз 2023 2958 0
Оқу режимі

«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы мен мүфтияттың Түркия Республикасындағы өкілі Жандос Айтбайұлы Сирия мемлекетіне арнайы іссапармен барды

Жер сілкінісінен зардап шеккен жандарды қолдау мақсатында «Зекет және қайырымдылық» қоры арнайы шот ашып, жылу жинаған болатын. Қор директоры мен «Талаба» қауымдастығының жетекшісі шұғыл көмек акциясы бойынша жиналған 40 954 000 теңге қаражатты «Дианет және Уақыф» қорының Сирияда зілзаладан зардап шеккендерге арналған арнайы шотына аударды. Сондай-ақ зілзәла болған аймаққа арнайы барып, ондағы тұрғындардың қазіргі жағдайына куә болды.

Айта кетейік, бұған дейін «Түркия шұғыл көмек» акциясы бойынша 83 565 000 тг жинап Түркия мемлекетінің төтенше жағдай министрлігіне аударылған болатын.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру