Смағұл Елубай: Мүфтият төңірегіне топтасуымыз керек (ФОТО)

12 қаңтар 2020 5177 0
Оқу режимі

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен дөңгелек үстелде белгілі жазушы Смағұл Елубай осылай деді.

"Иманды қоғам құруға баршамыз үлес қосуымыз қажет. Өз басым жазушы ретінде кітап жазып, ғибратты тарихи киноларға сценарий дайындап жүрмін. Әрине, имандылыққа үндеу ісінде мүфтияттың қызметі үлкен маңызға ие. 30 жылдық мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын. Біз, зиялы қауым өкілдері Діни басқарма төңірегіне топтаса алуымыз керек. Сонда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Әйтпесе, жастар тәрбиесі өзекті мәселеге айналды", - деді Смағұл Елубай.

Айта кетсек, 2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру