Смайыл Сейтбеков оқырман сұрақтарына жауап берді (ФОТО)

12 ақпан 2021 3597 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті эфирі өтті.

ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбеков @muftiyatkz инстапарақшасының тікелей эфирінде Имам Матуриди және Ережеп айына қатысты көпшілік сауалына жауап берді.

Алдымен эфир қонағы Имам Әбу Мансұр әл-Матуридидің өмірбаяны мен еңбектеріне, Матуриди ақидасы туралы тарқата айтса, call-орталыққа қоңырау шалушылар мен оқырман тарапынан күні ертең есігімізден енгелі отырған қасиетті Ережеп айына қатысты сұрақтар қойылды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру