Студентке бас мүфти гранты берілді (ФОТО)

11 маусым 2021 2655 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Тарбағатай ауданы Ақжар елдімекенінде бой көтерген қайырымдылық мекемесінің ашылу рәсімінде аталған ауылдың азаматы, бүгінде Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде тәлім алып жатқан Ринат Назарбековке білім грантын табыстады.

«Біз өткен жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай отыздан астам студентке білім грантын табыстадық. Осы бастаманың жалғасы ретінде Ақжар ауылының тұрғыны, шәкіртіміз Ринат Назарбековке білім грантын беріп отырмыз. Оқуда озат болған шәкірттерді, сонымен қатар отбасылық жағдайға байланысты оқу ақысын төлей алмаған шәкірттерді қолдау – басты жұмыстарымыздың бірі болып қала береді. Алла Тағала алған біліміңді еліміз бен жеріміздің игілігі жолында жұмсауыңа тілектеспін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Игі іс-шараға қатысқан Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы құттықтау лебізін білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру