Сүннет бойынша емдеу жолдарын түсіндірді

16 қаңтар 2020 4810 0
Оқу режимі

Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінде Әйел-қыздар секторы ұстазының ұйымдастыруымен «Сүннет бойынша ем жолдары» тақырыбында семинар өтті.

Хиджама маманы Ажар Темірханқызы семинар барысында «Хиджама-ағзадан арам қан шығару арқылы көптеген аурулардан құтулудың өте тиімді және қарапайым əдісі қандай?», «Хиджама көптеген ауруларды емдеуде қолданылады, мәселен, əр түрлі қабыну аурулары мен əртүрлі мүшелердегі бітелумен бірге болатын жарақаттар үшін арнайы емдеу», «Хиджамаға арналған дене бөліктер», «Хиджама қауіпті ме?» деген сынды тақырыптарда лекция оқыды.

Сонымен бірге осы тақырыптағы шәкірттердің әртүрлі сұрақтарына жауап берді.

Дереккөз: mazhab.kz

Пікірлер Кіру