Таразда «Қазақ даласына исламның келуі» атты халықаралық конференция басталды (ФОТО)

03 маусым 2021 2562 0
Оқу режимі

Бүгін Тараз қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы, Атлах шайқасының 1270 жыл толуына орай «Қазақ даласына Исламның келуі» атты ғылыми-танымдық халықаралық конференциясы басталды. Алқалы жиын ҚМДБ Жамбыл облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Маңызды жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары Хомиджан Ишманбетов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Раушан Иратов, еліміздің тарихшылары мен ғалымдары, отандық және шетелдік оқу орындарының профессорлары, шығыстанушылар қатысуда.

Жиын Алланың кәләмі Құран оқумен басталып, «Атлах (отлық) – Талас шайқасы немесе әлемдік өркениет дамуына жол ашқан ұлы жеңіс» тақырыбындағы бейнероликпен жалғасын тапты. ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар жиынға модераторлық етіп, құрметті қонақтарға сөз ұсынды. 

Конференцияда негізінен қазақ елінің мұсылманшылықты ерте уақыттан бері ұстанғаны, тарих сахнасындағы мұрагерлігі, түркі тарихында алар орны мен маңызы сөз болмақ.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру