Тараздан Түркияға 21 жүк көлігі жөнелтілді

14 ақпан 2023 2398 0
Оқу режимі

Бүгін Тараз қаласы бойынша жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін арнайы 21 жүк көлігі жасақталып, бауырлас мемлекет Түркия еліне гуманитарлық көмек жөнелтілді.  

Шаһар тұрғындары, мешіт қызметкерлері, белсенді жастар, қалаға жақын ауыл-аймақ барлығы бірлесіп, қап-қап түрлі азық-түлік, шаруашылық заттары, жылытуға арналған батареялар, жылы киімдер, киім-кешектің басқа да түрлері, одеяло, көрпе-жастық сынды тұрмыстық қажеттіліктерді жинады. 

Жүк көліктерді жолға шығарып салу үшін Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Ержан Аманбаев пен қала ақсақалдары, белсенді жастар жиналды. Бас имам көмекке зәру болған адамдарға жәрдем аман-есен жетіп, сапардың сәтті болуын тіледі. Сонымен қатар көпшілік қол жайып, бауырлас елдердің амандығы үшін дұға жасады.   

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру