«Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» халықаралық конференциясы өтеді

23 қараша 2021 2842 0
Оқу режимі

25 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел егемендігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» тақырыбында халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияда Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында рухани салада жеткен жетістіктері, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ислам дінінің дамуына қосқан үлесі мен дінаралық келісімді нығайтудағы еңбегі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың рухани саладағы бастамалары, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамдағы рөлі мен орны жайлы тақырыптар қамтылып, мұсылман мемлекеттерінің дін қайраткерлері мен еліміздің зиялы қауым өкілдері баяндама жасайды.

Халықаралық конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равил Гайнутдин, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир Ракиев, Тәжікстан Ислам орталығы Ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзода, Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек Хадыс, Ресей Федерациясы Алтай Республикасы мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі, Ресей Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Жанболат Охтаубаев, Ресей Федерациясы Омбы және Омбы облысы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бота Бакулин қатысады.

Халықаралық конференцияға сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тарихшы ғалымдар, шетелдің еліміздегі өкілетті елшілері, өңірлердегі бас имамдар қатысады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру